МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

Бұл тақырыпта әңгіме қозғау еркін ойлы оқырманның көңіл-күйін әралуан саққа жүгіртуі ықтимал. Мұның өзі бір есептен таққа табыну, ұлыққа жағыну, патшаның көзіне түсу сияқты болып та көрінуі ғажап емес. Кімнің аузына қақпақ қоя аласың. Егер жұрт не айтады, қалай қарайдымен жүре берсең әділ ойың мен адал сөзіңді айтудан қалмайсың ба? Мен екі түрлі себепті алға сала отырып, осы мәселеге барып отырмын. Өз ойымды ешбір бүкпесіз ортаға салғым келеді. Толығымен »

Қазақ тілі – тәуелсіздік тірегі

Үстіміздегі жылдың 26 шілдесі күні Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Мәдениет министрлігі әзірлеген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын талқылауға арналған кеңестің «Ана тілі» газетінде жарияланған материалы Толығымен »

ҚҰЛДЫРАҢДАП КЕЛГЕН ҚҰЛЫНДАР

Үстіміздегі жылдың наурыз айының 25-08 күндері аралығында Орал қаласында “Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша халықаралық олимпиада өтті. Тілімізді дамыту мақсатында өткізілген атаулы шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы әділ қазылық жасап, олимпиада қатысушыларына ақ батасын беріп келді. Олимпиада жайындағы төмендегі материал «Егемен Қазақстан» газетінен көшіліріп алынды. Толығымен »

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі

clip_image002Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Астанада «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді. Аталған шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы да қатысып,өзекті мәселеге өз пікірін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Толығымен »

Жаңа басылым жарық көрді

Толығымен »

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына 20 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференция

www.kazaktili.kz

Астана қаласында қыркүйектің 22- сінде Халықаралық « Қазақ тілі » қоғамының құрылғанына 20 жыл толуына арналған ғылыми - практикалық конференция болып өтті. Оған ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Ұлттық-мәдени орталықтар мен қоғамдық ұйымдар басшылары, БАҚ басшылары, өнер және ғылым қайраткерлері, орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы тіл басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары қатысты.

ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау хаты

Тіл тіралы Заңның қабылданғанына және

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының

20 жыл толуына арналған республикалық

ғылыми- практикалық конференцияға

қатысушыларға

Құрм етті конференцияға қатысушылар!

Сіздерді тіл туралы тұңғыш Заңның қабылданғанына және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына 20 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференцияның ашылуымен құттықтаймын!

Осы кезеңде баршамыз еліміздің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өміріндегі елеулі өзгерістердің куәсі болып келеміз. Еліміздің келешегі жолында атқарылып жатқан барлық игілікті істеріміз тәуелсіздігіміздің тұғырын бекітіп, мемлекетіміздің діңгегін нықтауға жаңаша серпін беруде.

Ең бастысы, жиырма жыл бұрын мемлекеттік мәртебеге ие болған ана тіліміздің жылдан-жылға өркені өсіп, өрісі кеңейе түсуде. Бүгінде қазақ тілі – Қазақстан халқын бір мақсатқа топтастыратын, ұлттық жаңғыруымызға серпіліс туғызатын айрықша күшке ие болды.

Шаңырақ көтергеніне жиырма жыл толған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы туған тіліміздің туын желбіретіп, рухын асқақтатуда лайықты үлес қосып келеді.

Ұлтымыздың басты рухани діңгегі – мемлекеттік тілді дамыту мәселелеріне арналған бүгінгі конференция жұмысына табыс тілеймін.

Нұрсұлтан Назарбаев

21/09/2009

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ»

www.kazaktili.kz

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Ө. Айтбайұлының

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылатын

«Қазіргі қоғам және мемлекеттік тіл» атты

конференцияда жасаған баяндамасы

Қадірмен тілсүйер қауым!

Бүгінгі бас қосуымыздың орны ерекше деп білемін. Биыл Қоғамның құрылғанына 20 жыл толып отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алғанына да 20 жыл толды. Тарих үшін бұл аталған уақыт қас-қағым ғана сәт болғанымен, еліміз үшін бұл 20 жылдың салмағы орасан зор, көтерген жүгі ауыр. Ғасырға барабар десек қателесе қоймаспыз.

Басқа бір ұйымдар үшін мұның соншалықты маңызы да болмауы мүмкін. Бірақ “Қазақ тілі” қоғамының 20 жылдығы еліміз тарихындағы елеулі оқиға деп білемін.

Толығымен »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНА – 20 ЖЫЛ


«Халықаралық Қазақ тілі қоғамы»

2. Қоғам, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, ғылыми мекемелермен және шығармашылық одақтармен, ұлттық-мәдени орталықтармен өзара сыйластық, тең құқықтық негізде, олардың барлық мүшелерінің ынта-жігерін, ұсыныстарын қолдау, өзара үйлестіру арқылы жұмыс жүргізеді. Толығымен »

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы туралы қысқаша анықтама

Қазір бұл бұқаралық ұйым «Халықаралық Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі деп аталады. Ол өзінің Жарғысында атап көрсетілгеніндей «… қазақ тілін, сондай-ақ халқымыздың мәдениетін, әдебиетін, тарихын оқып үйренуге, әдет-ғұрпын сақтап, оны одан әрі дамытуға ынтызар қандастарымыз бен басқа да ұлт өкілдерінің басын біріктіретін ерікті ұйым». Толығымен »

Web-сайт жасау және техникалық қолдау: "Қаламгер ТЕН" ЖШС